Абаттандыру ережесін бұзғандарға 36 млн теңге айыппұл салынды

Абаттандыру ережесін бұзғандарға 36 млн теңге айыппұл салынды

Абаттандыру ережесін бұзғандарға 36 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қаланың полиция департаменті табиғатты қорғау бөлімшесі абаттандыру қағидасын бұзғандарды анықтауда. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2021 құқық бұзушы тартылып, 36 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Атап айтқанда, 176 құрылыс компаниясына 11 млн теңгеге, 110 мердігер ұйымына – 6,7 млн теңге, 126 қызмет көрсету ұйымына (ПИК, ЖШС) – 4 млн теңге, 415 шағын және орта бизнес субъектісіне 3,9 млн теңге айыппұл салынды. Қоқысты рұқсатсыз басқа аумақтарға түсіргені үшін 60-тан астам жүргізушіге 2,7 млн теңге, сондай-ақ шайынды суды белгіленбеген жерге ағызғаны үшін 70-ке жуық жүргізуші 2,7 млн теңге сомасында айыппұл төлейтін болды. Бұдан бөлек, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын және басқа да заттарды тиісті талаптарды сақтамай тасымалдаған 70-тен астам жүргізушіге 303 мың теңге, ал жолдың үстін ластаған 20 жүргізушіге 193 мың теңге сомасында айыппұл жазылды.