Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы
ашық дереккөзі
13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Тек республиканың оңтүстігінде, батысында күн ашық. Кей жерде жел күшейіп, солтүстікте дауыл тұруы ықтимал. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерде жел күшейеді, екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.