Сенат сайлауы: қазынадан қанша қаржы бөлінді?

Сенат сайлауы: қазынадан қанша қаржы бөлінді?

Сенат сайлауы: қазынадан қанша қаржы бөлінді?
ашық дереккөзі
Елімізде Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге 254,5 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы сайлауды өткізу бойынша негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге арналған отырыста Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді. "Сенат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуге арналған шығыстар Орталық сайлау комиссиясына республикалық бюджеттен 254,5 миллион теңге сомасында бөлінеді", - деді С. Мұстафина. Бұл қаржы сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі, мәслихат депутаттарының көлік шығыны мен іссапары, баспа қызметтері, сондай-ақ сайлау учаскелерін дайындау мен БАҚ-қа материалдар жариялауға кететін шығындар және тағы басқасына жұмсалмақ. Орталық сайлау комиссиясы хатшысының айтуынша, республикалық бюджеттен қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың шоты арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсатта арнайы есепшоттар ашылады. Әр өңірге бөлетін сома сайлаушылар мен Сенат депутаттығына кандидаттар санына байланысты болмақ. "Өткен сайлау науқанында бұл мақсатқа сенат депутаттығына үміткер әр кандидатқа 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейін бөлінді", - деді С. Мұстафина. Айта кетейік, Мемлекет басшысының Қаулысы бойынша Сенат депуттаттарының сайлауы 12 тамызда өтеді.