Алаяқтар 1 млрд теңгеге жалған криптовалюта сатқан – министр

Алаяқтар 1 млрд теңгеге жалған криптовалюта сатқан – министр

Алаяқтар 1 млрд теңгеге жалған криптовалюта сатқан – министр
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кезінде: «Оқшаулану режимі кезінде қашықтан сатып алу, онлайн қызметтер тәжірибесінің таралуы интернет-алаяқтар санының еселеп өсуіне сеп болған», – деді. Оның атап өтуінше, мұндай қылмыстарды ашумен елімізді Ішкі істер министрлігі құрылымында жұмыс жасайтын Киберқылмыспен күрес орталығы айналысады. «Күні кеше ғана Алматыда интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған топ әшкере болды. Қылмыскерлер жалған криптовалюта айналымға енгізіп, 800-ге жуық азаматтың 1 млрд теңгеден астам ақшасын иеленіп кеткен. Осыған байланысты азаматтарымызды электронды төлемдермен операция жасау барысында барынша сақ болуға шақырамын», – деді Ерлан Тұрғымбаев.