Алматыда қайтадан карантин енгізілуі мүмкін – Бақытжан Сағынтаев

Алматыда қайтадан карантин енгізілуі мүмкін – Бақытжан Сағынтаев

Алматыда қайтадан карантин енгізілуі мүмкін – Бақытжан Сағынтаев
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында оңтүстік шаһарда қайтадан карантин енгізілуі мүмкін екенін айтты. «Егер эпидемиологиялық ахуал нашарлайтын болса, қала қайтадан карантинге жабылуы әбден мүмкін. Мен алматылықтарға 2 ай шыдап үйде отырғандары үшін алғыс айтамын. Наурыздың соңында қалада 35 мың ғана көлік жүрген. Ал карантинге дейін 500 мың қала тұрғынының, 250 мың облыс тұрғынының көлігі қалада жүретін. Бірақ 2 айда шыдам деген бітті. Төтенше жағдай режимі алынған соң бәрі сыртқа шықты. Қарасаңыз, әр облыста коронавирус көрсеткіші артып келеді. Егер олай болатын болса, қатаң карантин режимі қайтарылады», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. Оның айтуынша, 15 сәуірден кейін Қазақстанға Қытайдан дәрігерлер келген. Шетелдік мамандар Алматы қаласындағы карантин режимінің сақталуын жоғары бағалаған. Наурыздың басында ҚР ДСМ Алматы қаласында коронавирус 850 адамға жұғады деген болжам айтқан. «Ал қазір қанша? 2353 адам. Ал ресбулика бойынша 9 мыңнан асты. Егер далаға шығуға рұқсат берілсе, онда тек маскамен шығу керек. Қашықтық сақтау керек. Ал бізде қалай? Бір-бірін ауызашарға шақырып, суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр», – деді әкім.