24 Мамыр, 18:45 8511 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейді – Бас санитар дәрігердің қаулысы

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құжаттында Қазақстанға шетелден келетін барлық адамдар 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланатыны көрсетілген.

COVID-19 ауруының белгісі бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Шекарадан өткен соң 5 күннен кешіктірілмей ПТР зертханалық тексеруде теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы бар адам шет елден келген адам үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады.

Алғашқы екі күнде COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы орган белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Қазақстанға шет елден келген дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйымдар өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері зертханалық тексеріледі және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Қаулының толық мәтінімен комитеттің сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар