24 Мамыр, 16:11 5171 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Көлігінің төбесіне екі қызды отырғызып серуендеген елордалық 7 жылға куәлігінен айырылды

Мас күйінде көлік жүргізген елорда тұрғыны ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 24 мамыр күні таңғы 04.30 кезінде 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінде орталық саябақта Lexus LX 570 көлігін жүргізген.

ҚазАқпарат бүгін әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарағанын жазды.

Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты.

Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Сот оны мұндай мүмкіндіктен айырды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ екі жолаушы – көліктің төбесінде отырған 2000 және 2001 жылы туған екі қыз да аталған кодекстің 615-бабы бойынша жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар