Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында банктер, ақша айырбастау пункттері, ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің біріккен бұйрығында субъектілер тізімі бекітілген:
– екінші деңгейлі банктер
– жеке банк операцияларын жүргізетін ұйымдар
– сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
– сақтандыру брокерлері
– құнды қағаздар нарығында брокерлікпен айналысатын ұйымдар
– микроқаржылық ұйымдар, несие серіктестіктері,
– төлем ұйымдары. Бұйрыққа сәйкес аталған ұйымдар мен филиалдарында қызметкерлер саны 50 пайыздан аспауы керек.
KASE, Құнды қағаздар орталық депозитарий, ақша айырбастау ұйымдары таңғы 09:00 бен 17:00 аралығында жұмыс істейді. Бұл шектеу шаралары 18-24 мамыр аралығында болады.
25 мамырдан бастап жұмыс уақыты, адам саны ұйым басшыларының шешімдеріне қарай ұйымдастырылатын болады. Одан бөлек субъектілердің басшылары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.