18 Мамыр, 16:12 329 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Өгей әкесін өлтірген қыз изоляторда өз-өзіне қол салды

Оралда өгей әкесін өлтірген жасөспірім қыз тергеу изоляторында асылып қалды.

Бұл туралы БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 8 мамыр күні орын алды. Шамамен сағат 15.30-да тергеу изоляторының қызметкерлері камерадан Ирина Лапинаның мүрдесін тапты. Марқұм колготкиінің бір ұшын терезе торына, екіншіжағын мойнына байлап, асылып қалған. Соңына жазба қалдырмаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, Орал қаласы полиция басқармасының жедел тергеу тобы, прокуратура өкілі, сондай-ақ «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан филиалының басшысы шақырылды.

Қарау кезінде қыздың денесіне зақым келмегені анықталды. Асылып өлген марқұмның мүрдесі туысқандарына тапсырылды.

«Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. ҚР Қылмыстық процесс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар