Air Astana келесі аптада тағы 3 қалаға жолаушы тасымалдай бастайды

Air Astana әуекомпаниясы 12 мамырдан бастап Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қайтадан орындай бастайды.

«12 мамырдан Ақтөбе және Қызылордаға Алматыдан, ал 13 мамырдан Нұр-Сұлтаннан қатынайды. Сондай-ақ, 13 мамырдан Алматыдан, ал 14 мамырдан Нұр-Сұлтаннан Өскеменге рейстер орындалады», – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Рейстер Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 ұшақтары арқылы орындалады. Басқа қалалардағы әуежайлар ашылғаннан кейін, осы қалаларға рейстер іске қосылатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 мамырда Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған қалаларына әуе қатынастары жанданады. Осы орайда тиісті қаулыға Көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қол қойды.

 

Back to top button