7 Мамыр, 10:53 3371 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Головкин келесі қарсыласының есімін жариялады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ.

Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және «өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын».

Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде.

Қазақстандық боксшы «Канеломен» мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар