«Құрқылтайдың ұясындай» емхана

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ мырзаның назарына!

Елімізде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы қабылданып, іске қосылғанда шалғайдағы елді мекен халқы қатты қуанған. Онысы кеңестік кезеңнен бергі тозығы жеткен денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары жаңаланып, медициналық құралдармен жабдықталады деген көптен бергі арман болатын. Әлі талай кем-кетігіміз бен қисайған жүгіміздің түзетілер тұсы көп. Бірақ оған дейін бірталай адамның зықысы шығатын түрі бар.

КҮТУМЕН ӨТКЕН ҒҰМЫР

Бұл бағдарламаны не үшін тілге тиек етіп отырмыз? Шын мәнінде, қарапайым халық бағдарламаның шарапатын көрді ме? Сол кезде іргетасы қаланып, пайдалануға берілген мемлекеттік кейбір мекемелердің бүгінгі ахуалы сын көтере ме? Осы сауалдар әлі күнге алдымыздан көсе-көлденең шығып жүр. Себебі де түсінікті, бағдарлама діттеген мақсатына қол жеткізе қоймаған сияқты. 2007 жылы қабылданып, 2011 жылы түбегейлі жүзеге асырылуы тиіс «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының соңы неге сиырқұймышақтанып кетті?

Осыдан үш жыл бұрын вице-премьер қызметін атқарған Ербол Орынбаев «бағдарламаның аяғына дейін толық орындалмауына дағдарыс әсер етті» деп жауап бергені есте. Ол өз сөзінде: «Бағдарлама бойынша, 100 мектеп жоспарын орындадық. Шын мәнінде, бүгінде үш ауысымда оқыту, апаттық мектептер бойынша мәселелер бар. Бұл мәселелер бюджет мүмкіндігіне сай шешіледі. Біз мұны 2014-2016 жылдарға арналған бюджетті қарастырғанда талқыладық. 100 ауруханаға келетін болсақ, бұл көп шығынды қажет етеді. 64 аурухана салынды, жалпы 100 емес, 98 нысан салынады. Қалғандарын салу үш жылдық бюджетте қарастырылған. Бұл бағдарламаны толық орындамау және қаражатты игермеу дағдарысқа байланысты. Президенттің жаңа нысандарды салуды тоқтату тапсырмасы болды. Стационарларды салу өте қымбат екенін білесіздер», –  дей келе, алдағы екі-үш жылда бұл мәселе шешіледі деп сендірген. Бұл 2013 жылғы есеп кезінде айтылған сөз. Демек, аталмыш бағдарламаның толық жүзеге асуына дағдарыстың салқыны тиген. Ал жоспарға ілігіп, іргетасы қалануы тиіс мемлекеттік мекемелердің құрылыс жұмысы жалғасын таба ма, жоқ па, бұл жағы белгісіз.

2011 жылы аяқталуы тиіс «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 18 денсаулық сақтау нысанының 11-і уақытында тапсырылмай қалғанынан да жұрт хабардар. Мерзімді кезекті мәрте кейінге қалдыру бір бөлек, кейбір аймақтарда денсаулық сақтау нысандары аяқталмай қалған. Ал бұл үшін жауапты тұлғаларды анықтау өте қиын. Қолда бар деректерге сүйенсек, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар уақтылы орындалмаған. 2007 жылдан бастап алатын болсақ, 99 жоспарланған денсаулық сақтау нысанынан құны 183,4 миллиард теңгені құрайтын жалпы 64 нысан ғана салынған. Қалған – 30-дан астам нысанды – 2016 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланыпты.

Әрине, ауылдағылар күтуден жалықпайды, күте береді… Оларға да кезек келер…

ЕМХАНАҒА ЖАРЫМАҒАН «ІРГЕЛІ»

Әдетте біз мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың орындалу барысын сөз еткенде, ауылдағы ағайынның жағдайын көз алдымызға әкелеміз. Жол, көлік қатынасы қиын елді мекен тұрғындарының денсаулығы мен білім алуына алаңдайтынымыз заңдылық. Шыны керек, қала орталығынан қашық жатқан шағын бекеттер мен разъездегі жұрттың жай-күйі қалай? Оқыстан денсаулығы сыр бере қалса, кімнен көмек сұрайды? Ал, айы-күні жетіп, толғағы қысқан ананы қала орталығына жеткізу машақатына біреу бас қатыра ма? Міне, бұйығы ауылда өмір сүріп жатқан қарапайым жұрттың көкейіндегі түйткілдер осы. Олар өмір бойы тұрғылықты жердегі емхана немесе медициналық пунктке қаралуды армандап келді. Әрі-бері сандалыс­тан құтылатындығына сенді де. Бірақ өзгеріс жоқтың қасы. Бүгінде шалғайдағы ауыл халқы мұндай бағдарламалардың өздерін сырт айналып өтетіндігіне еті үйренгені қашан.

Иә, ауылдың тұрмысын «жырласақ», жүрек тұсымыз шымырлайды. Қала тұрғындары қол жеткізген игіліктен олар да құр қалмаса дейсің. Бірақ айырмашылық жер мен көктей. Қазір біз ауыл халқының денсаулығын, білім алу мәселесін, елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуын бір шетке ысырып қойып, бар жақсыны қала аумағында жасап жатқан жайымыз бар.

Осылай деп, ой түйіп, пікір қорытып отырсақ, қаланың маңайында да қордаланған мәселе көп екен. Бүгінде алып мегаполис – Алматының аумағы кеңейіп, халқы да көбейе бас­тады. Шаһардың  іргесіндегі бірталай елді мекен қаланың аумағына еніп, соңғы жылдары екі бірдей жаңа ауданның ашылуына түрткі болғаны белгілі. Әсіресе, халқы тығыз қоныстанған бұл елді мекендерде емхана тапшылығы сезілді. Қаланың, ауданның әлеуетін көтеру мақсатында әлеуметтік нысандар салынып та, пайдалануға беріліп те жатыр.

Өкініштісі сол, Алматының іргесіндегі «Іргелі» елді мекеніне бұл өркениет жете қоймаған сияқты. Аумақтық бөлінісі жағынан Алматы облысына қарайтын, жақындығы жағынан қалаға іркес-тіркес қоныс тепкен елді мекеннің емханасын көріп, әлгі «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы тағы еріксіз ойға оралды. Білуімізше, аталмыш бағдарлама аясында тек аурухана емес, емханалар да халық игілігіне берілген. Ал біз қала орталықтарынан жырақта жатқан ауылдың жоқ-жітігін түгендеуге тырысып жүрсек, Алматыға тиіп тұрған елді мекен емханасының сыртқы кейпі, ондағы ақ халаттылардың жыларман күйде жұмыс істеуі ойымызды сан-саққа жүгірткен.

Әуелгіде кішкентай ғана қораш үйдің емхана екенін біле алмайсыз. Тек мүйістегі тақтайшадан «Іргелі» ауылдық амбулаториясы» дегенді көзіңіз шалады. Ал емханаға бас сұқсаңыз, иін тірескен жұрт. Кейде «қуықтай» төрт бөлме тұрғындарға лық толып кеткенде, дем алу мүмкін емес.  Кішкентай сәбилер де, екіқабат әйелдер де, қариялар да аралас-құралас. Бірі пысылдап ауы­рып келеді, екіншісі ауру жабыстырып кетеді. Енді ше? Шынтуайтында, жұмысын нәтижелі атқаратын емханалар сәбилерді арнайы бір күні, аяғы ауыр әйелдерді басқа күнге бөліп қарайды. Қазір түрлі жұқпалы дерттің белең алғанын қаперге алсақ, бұл дұрыс та. Ал «Іргелі» елді мекені емханасының бұл «өркениеттен» ауылы әзірге алыс. Мұнда қаралып жүрген тұрғындар талай жылдан бері жанайқайын білдіріп келсе де, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәселенің оң шешім табуына күш салмай отырған көрінеді. Неге?

Кезек күтіп тұрғандардың бет-жүзінен немқұрайлылық, көңіл толмаушылықты анық байқайсыз. Ал адамды жылы сөзімен-ақ емдеп жіберетін ақ халаттылардың қабағы қатулы, түрі шаршаңқы. Амалдың жоқтығынан жұмыс істеп жүргендей әсер қалдырады. Екі сөзінің бірінен «Бізге қашан ел қатарлы емхана салып береді екен?» дегенді естисіз. Мұндай кезде «Неге ауданға, облысқа шағым айтпайсыздар?» деп кері сұрақ қойсаңыз, жараның бетін тырнағандай боласың. «Біз де, тұрғындар да қашаннан бері айтып келеміз, «болады, боладымен» уақыт зырылдап өтіп жатыр ғой. Ол қашан салынатынын бір Құдай білсін?». Осылайша дәрігерлер құрқылтайдың ұясындай емханада жұмыс істеп жүргендеріне наразылығын тек сөз жүзінде ғана танытып келеді. Ал біз әңгімеге тартқан емхана меңгерушісінің бәріне көңілі тоқ сияқты. Арнайы сұхбат беруден қашқақтаған Қаламқас Аманжолқызынан аз-кем сауалымызға жауап алуға тырысып көрдік.

13022325_516566575135157_262216851_n

Қаламқас ЖҮНІСОВА, «Іргелі» амбулаториялық емханасының меңгерушісі: 

АДАМ САНЫ КӨБЕЙСЕ, БІЗДІҢ ЖАЛАҚЫМЫЗ ДА АРТАДЫ

– Амбулаториялық емханаға да, оның қызметіне де көңілі толмайтындар көп. Қазір тіркеуде қанша адам бар?

– Адам саны көбейсе, біздің ставкамыз да көбейеді. Осы «Іргеліде» тұратын, яғни біздің санатымызда 10 мың тұрғын бар. Соның 8 мың 500-іне шамамыз келгенше көмектесіп келеміз.

– Сіздерге «Іргелі» халқынан бөлек, жаңадан бой көтерген «Асыл арман» тұрғын үй кешені тұрғындары да қарайды екен. Осыншама халықты қабылдап, сапалы медициналық қызмет көрсететін қауқарларыңыз бар ма?

– Тұрғындар емхананың осы күйіне қарамастан, тіркеліп жатыр. «Асыл арман» тұрғындары да келіп тіркелуде. Себебі тұрғын үй кешенінің әзірге емханасы  салынбаған. Аумақтық жағынан «Іргеліге» қарайды. Дегенмен, сіз айтқан «Асыл арман» тұрғындарының бәрі жаппай мұнда тіркеліп жатқан жоқ. Көбі сыртынан көріп, басқа емханаға кетіп қалған да шығар. Ол жағын өздері шешеді. Ал негізінде осы тұрғын үй кешенінен үй сатып алса, осыған мойынсұнбасқа амалы жоқ. Бұл уақытша мәселе ғой.

– Дегенмен, тұрғындар тіркелсе де, медициналық қызмет сапасына разы емес. Олардың шағымын қайда қоясыз? 

– Неге? Бізде үш участок, үш педиатр бар.  6 дәрігер мен 15 шақты медбике жұмыс істейді. «Жедел-жәрдем» көлігіміз бар. Тұрғындар саны мейлінше көп болса, бізге ставка да қосады. Алдағы уақытта ғимарат та салып береді деп күтудеміз.

– Өзіңіз қашаннан бері меңгерушісіз? Бұған дейін емхана басшысы ретінде кеңірек емхана салып беру жөніндегі мәселені көтермедіңіз бе?

– 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақыға шағым жоқ. Осы елді мекеннің тұрғынымын, басқа жақтан жұмыс іздеп нем бар?! Айтып отырмын ғой, бұған дейін тұрғындар аз болатын. Бір кездері 2,5 мың ғана халық еді. Азғантай уақытта 10 мыңға жетті. Ал бізге тіркелмегені қаншама? Негізінде біз осы елді мекеннің тұрғылықты адамдарының  бәріне қызмет көрсетуге міндеттіміз.

– Сонымен, смета бойынша емхана салыну жоспарда бар ма?

– «Асыл арманнан» жер бөлінеді деген. Бәлкім, «Асыл арманға» бөлек амбулаториялық емхана салып беретін шығар, кім біледі?! Оны құрылыс компаниясы салуы мүмкін. Бұйырса, біз сонда көшеміз деп отырмыз. Бәрі уақытша құбылыс қой…

Ал тұрғындар не дейді? Кезекте тұрған­дардың пікірін сұрай қалып едік, бәрінің ішіне шер «толып» қапты. Сұрайтыны – жаңа үлгідегі емхана. «Біздің шағым айтпаған жеріміз қалмады… Бұқараның сөзін тыңдап жатқан кім бар?!» деп кейіді қарт ана. Оның сөзін қостаған көпбалалы ана да: «Бізге емхана салып берген күні, елді мекен халқы ұлан-асыр той жасайтын шығар», – деді әзіл-шыны аралас астарлап сөйлеп.

Алмагүл ҚУАНДЫҚОВА, ауыл тұрғыны:

– Мына «үйдің» іші дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері адамға лық толады. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Екіқабат әйелдер, балалар бәрі бірге. Жасым 60-тан асты. Анда-санда емдік шара қабылдауға кеп тұрамын. Еденнің жыртығына сүрініп, жығыламыз. Қазір, тіпті «Асыл арманнан» келеді. «Бізге жеке емхана беріңіздер?!» – деп талай айттық, ешкім құлақ аспайды. Міне, система алуға келдім. Мұны жайланып жатып алуым керек еді, көріп отырғаныңдай қақшиып отырмын. Айтыңдаршы, осы дұрыс па? «Іргеліде» 10 мыңға жуық халық тұрады екен. Жер сатылады, үй салынады. Бірақ неге емханасын дұрыстамайды? Алыстағы ауылдан түк те айырмашылығымыз жоқ.

Алуа БАЙБАТША, екіқабат келіншек:

– Осы ауылдың байырғы тұрғыны ретінде қаралып жүрмін. Бірақ келген сайын ұрыс-жанжалдың үстінен шығам. Кейде дәрігерлерге де жаным ашиды. Адамдар үстінен төніп тұрады. Әсіресе, қыс мезгілінде сыймай қаламыз. Дала суық. Әрі-бері кіріп-шығып, баламызға суық тигізіп те аламыз. Осы ауылдық округтың әкіміне де шағым түсірдік. «Баяғы жартас, сол жартас». Бәрін ауызбен жайғап тастайды. Нәтижесі жоқ. Біз құрғақ уәдеге тойдық. Екіншіден, емханаға тек дәрігерге көрініп қайтамыз. Ал денсаулығыңа байланысты анализ сараптамасын Қаскелеңге барып өткізуге тура келеді. Онда да барсаң бітпейтін кезек. Алматы облысына қарайтын қаншама елді мекен тұрғындары ауданның орталығы – Қаскелеңге барады. Амал жоқ, сосын  анализді ақылы тапсыруға мәжбүр боласың. Кейде «ақыры ақылы тапсырдым ғой, неге Алматыдағы бір ақылы медициналық мекемеге бара салмадым?» деп өкінесің. Сондықтан да бәрі бір жерде болса екен дейсің. Қаладағыдай қалаған дәрігеріңе емін-еркін кіріп, бәрін бір жерден анықтап кеткенге не жетсін?!

P.S. Медициналық мекеме 2009 жылға дейін фельдшерлік пункт ретінде қызмет көрсеткен. Тек сол жылдан бері қарай амбулаториялық емханаға айналыпты. Кішкентай ғана «көк үйге» кім кіріп, кім шықпайды? Алматының іргесіне келіп, пәтер жалдаған «мигранттар» да осында. Алайда «тіркелген адам санына қарай, жалақы да көбейеді» деген амбулаториялық емхананың меңгерушісінің сөзіне қарағанда, мәселені жоғары жаққа жеткізуге асықпайтын сияқты. Ал дүйім жұрт үміт күткен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының бұл елді мекенге неге мойын бұрмағаны тағы белгісіз.    

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Суреттері түсірген Мақсат Құсайынов

Редакция таңдауы

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті мен рухани төзімділігін сынға салып, болып жатқан жағдайларға қоғамдық көзқарас қалыптас­ты­рары анық....

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек,...

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия...

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа...
ndyly

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті...
04 1 6c1f1f71 400077e2

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық...
img

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге...

Жаңалықтар

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарған

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлығымен айналысқан тонаушылар тобын басқарған.  Tengrinews.kz дерегінше, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Новонежин ауылының 46 жастағы тұрғыны бастаған топ мал ұрлығы...

Алматыда ағаш қоймасы өртенді

Алматыда ағаш қоймасынан шыққан өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы Қазыбаев көшесінеде өрт болып жатқаны туралы хабар бүгін сағат 08:18 минутта түскен....

«Мәдениет министрлігінің араласуынсыз». «Болашақ» 10 жылдан бері фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыруда

Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен Disney/Pixar студиясының «Жан» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл - «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста»...

Спорт академиясы президентінің кабинетіндегі қар барысының терілерін полиция тексеруде

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барысының терілерін зерттеді. Енді бұл суретті Алматы полициясы...

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті мен рухани төзімділігін сынға салып, болып жатқан жағдайларға қоғамдық көзқарас қалыптас­ты­рары анық....

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек,...

«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің ұйғырлар туралы жазбасынан кейін ресми парақшасын бұғаттады, – деп жазды Bloomberg агенттігі. Жазбада елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр...

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия...

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа...

Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды

Джо Байден Президент лауазымына кіріскен алғашқы күні-ақ өзіне дейін Мемлекет басшысы болған Дональд Трамптың бірқатар шешімін жоятын Жарлықтар топтамасына қол қойды. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар...

Мәди Манатбек «Астана» радиосының директоры болып тағайындалды

Бүгін «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан «Астана» радиосы ұжымы алдында жаңа директор Мәди Манатбекті таныстырды, – деп хабарлады qazradio.fm. Мәди Манатбек –...

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді. Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина...

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні сағат 00.29-да Мұхит көшесі 134-мекенжайында болған. Осындағы №59 пәтерде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар...

2020 жылы 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді,...

Ақтөбеде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоймада жоқ болып шықты

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі,  Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада тиісті тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ...

Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы келісім жасалған. «Монополияға қарсы келісім ашық сауда өткізу...

Көлігімен әйелді қағып, мерт қылған полицей қамаққа алынды

Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен әйелді қағып, мерт қылды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шу аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі,...

Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті болып ресми сайланды

Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижесі туралы» хаттаманы бекітті. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті...

Джо Байден қызметіне кірісті: АҚШ президентін ұлықтау рәсімі әдеттегіден қарапайым өтті

АҚШ президенті лауазымына ресми кіріскен Джо Байден мен вице-президент қызметін атқаратын Камала Харрис 20 қаңтар күні инаугурация рәсімінде ант берді. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде қар аралас жаңбыр болжанады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын,...

Трамп Ақ үйден кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC. Ақ үйдің ауласының ішіндегі көгалға қонған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағыны көмекшілер қалған...

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг» пайда болды. Таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден туристер келе...

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған. Кейбір ет түрлерінің бағасы 16 пайызға көтерілген. 2020 жылғы 3 тоқсанда әрбір қазақстандық...

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ...

Елімізде 45 мың теңге жалақы алатындар саны – 50 мың адам

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам айына 45 мың теңгеге жетпейтін жалақы алады. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай жалақыны Қарағанды және...

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік...

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны...

Ақмола облысында полицейді көлік капотында сүйреген азамат сотталды

Ақмола облысында жол патрульдік полициясының қызметкерін көлік капотында сүйреген 24 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық ПД мәліметінше, 2020 жылдың 14 ақпанында...

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққы шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3 томы жарық көрді. Бұл маңызды басылымдар - Қазақстан тарихының көне дәуірден қазіргі заманға...

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық...

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы...

Журналистер тегін құқықтық кеңес алады

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық...

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097...

Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы...

Жауапты хатшы институты жойылды: 8 министрліктің хатшысы қызметінен босады

Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиевті таныстырды. Мейіржан...

Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын...

Трамп жаңа партия құрмақ

Бүгін АҚШ президенті қызметін аяқтаған Дональд Трамп өзінің жақтастарымен жаңа партия құру мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды америалық БАҚ өкілдері сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап. «Дереккөздерінің...

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. «Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке...

Зейнетақы қорынан алуға болатын қаражат көлемі өсті

Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  "Бірыңғай...

Forbes ең жомарт миллиардерлердің рейтингін жариялады

Америкалық Forbes басылымы АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлерінің рейтингін жасады. Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсағанын есептеді. Басылымның мәліметінше, 42,8 миллиард долларды қайырымдылыққа...

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

Өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның әр тұрғыны орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынған.  Еnergyprom.kz дерегінше, бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1...

Петропавлда үйі өртенген отбасы 5 баласымен далада қалды (видео)

Петропавлда жалдамалы үйі өртеніп кеткен отбасы бес баламен бірге далада қалды. Дүйсембиндер әулеті осы күнде жазғы шай ішетін кішігірім үйді күнелтіп отыр деп хабарлайды...

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

Өткен аптада әлемде коронавирустан көз жұмғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Жеті күн ішінде індеттен 93 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау...

Алматыда ҰБТ басталды

Алматыда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу басталды. ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес ЖОО базасында өтеді. Бұл ретте ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген...

Алдағы он жылда жаһанды сынға алатын басты қауіп-қатерлер аталды

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары алдағы он жылдағы басты жаһандық сын-қатерлерді атады, деп жазады Fast Company. Экологиялық түйткілдер (мысалы, экстремалды ауа-райы жағдайлары) алдағы уақытта бизнес пен...

COVID-19: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 198 Алматы қаласы - 112 Шымкент қаласы - 10 Ақмола облысы...

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

"Роскачество" сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов "Российская" газетаға берген сұхбатында смартфон арқылы адамды қалай бақылауға болатынын айтты. Оның айтуынша, телефон арқылы бақылау үшін адамдарға...

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

Ұлыбританияда аурухана дәрігерлері коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындап, оған сыра әкеліп берді. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Қарқынды терапия қоғамының құрметті хатшысы...

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығымен COVID-19-ға байланысты Қазақстандағы банктердің, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Қаржы нарығын...

COVID-19: БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында карантин күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында айтылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы...

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...