Денсаулық сақтау министрі вакцинациялауға қарсы топқа пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында мемлекеттердің пандемиядан шығу стратегиясына арналған Bloomberg мақаласын орналастырды. Онда осы жағдайдан ойдағыдай шығудың жолы бүкіл әлем бойынша вакцинациялау жүргізуге байланысты екендігі айтылған.

«Бізде кейбір «жолдастар» жалпыға бірдей вакцинациялауды болдырмау керектігін айтып, «ереуіл» ұйымдастырып жатқан кезде дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаға кезекке тұрып жатыр. Бәрі бөлініп қойған да сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде бүкіл еуропа елдерінде «COVID-19 екпесін жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың пайда болуын жоққа шығаруға болмайды», – деп жазған Елжан Біртанов.

Back to top button