Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді (видео)

Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді (видео)

Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді (видео)
ашық дереккөзі
Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) туралы бейнесюжет жариялады, – деп жазды Sports.kz Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген. Айта кетсек, Данияр коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 960 896 адам тіркелген (қайтыс болғандар – 54 265, жазылып шыққандар – 118 162). Елеусіновтің кәсіби мансабына келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуі керек. Еске сала кетсек, Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.