369
"Талаптар өзгермесе, шығынға батамыз": Отандық әуе компаниялары билет бағасын көтермек
"Талаптар өзгермесе, шығынға батамыз": Отандық әуе компаниялары билет бағасын көтермек
Мамырдың ортасына қарай елімізде әуе билеттері қымбаттауы ықтимал.
Бұл туралы Air Astana компаниясының вице-президенті айтты. Оның сөзінше, ұшақта жолаушылар арақашықтық сақтап отыруы тиіс деген талап әуе компаниялары үшін тиімсіз. Себебі ұшақ сыйымдылығын толтырмай, ұшу тасымалдаушы компанияны шығынға батырады.
Әуе компаниялары бұрынғы бағаны оныншы мамырға дейін сақтауға уәде беріп отыр. Оған дейін ұшуға қатысты санитарлық талаптар өзгермесе, баға біртіндеп көтеріледі.
Ұшақтағы жолаушылардың арасында бос орын болуы тиіс деген талап әуе компанияларын шығынға батырады. Air Astana компаниясының вице-президенті Ердәулет Шәмшиев осындай пікірде. Оның айтуынша, автобус немес жеңіл көлікпен жолаушы тасымалдайтындарға мұндай талап қойылмаған. Яғни олар бос орынның барлығына адам отырғыза алады. Сондықтан тек ұшақтарға қатысты қойылған бұл талап қиысынға келмейтінін жеткізді.
Пікірді SCAT әуе компаниясының вице-президенті де қуаттайды. Ол төтенше жағдай кезінде тарифтердің бұрынғы қалыпта сақталатынын, бірақ бұлай жалғаса берсе, компаниялардың банкрот болатынын айтады. Сондықтан 10 мамырдан кейін билеттердің құнын көтеруге мәжбүр. Ал еліміздің Азаматтық Авияция комитеті билеттердің бағасы бұрынғы күйде қалатынын айтқан болатын.