Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, республиканың жекелеген аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жауады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде мол көлемде жауын жауады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Жел түнде кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен есіп, екпіні 25 метр болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20, жекелеген аймақтарда 23-28 метр болуы ықтимал. Қостанай облысының бірқатар аумағында боран тұрып, тұман түседі, жел күшейіп, жылдамдығы секундына түнде 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні 23 метр болады. Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында түнде және таң ата кей жерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей бөлігінде тұман түсіп, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы скундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, түнде кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.