Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылары 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті – «Эйр Астана», 1 рейсті – «Fly Arystan» және 1 рейсті «SCAT» әуе компаниясы орындайды. Әуе компаниялары билет бағасын рейстер тоқтағанға дейінгі деңгейде сақтауға міндетті. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады. Сапарға шыққанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитар дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтау керек. Олардың негізгілері мыналар:
  • жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі – берілген күннен бастап 7 күн);
  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперде, қолғап);
  • термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;
  • әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.
Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді. Әуе билетін бүгіннен бастап төмендегі бағыт бойынша сатып алуға болады: І. Эйр Астана (Embraer 190/ 108 орын):
  • 1. Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951)
  • Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20) (Рейс КС-952)
  • 2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30) (Рейс КС-855)
  • Нұр-Сұлтан (22:30) – Алматы (00:10) (Рейс КС-856)
ІІ. Fly Arystan (Airbus 320/ 180 орын):
  • Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30) (Рейс KCX-7056)
  • Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40) (Рейс KCX-7055)
3. SCAT (Boeing 737/ 144 орын):
  • Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30) (Рейс DV-713)
  • Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00) (Рейс DV-714)
Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек. Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайы мен телефоны:
  • «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77;
  • «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77;
  • «Олимп» КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp);
  • «Олимп» КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы – Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б. Тестілеу 8701 961 7307 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp);
  • «INVIVO» зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі 123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс («Эйр Астана» – 9 рейс, «SCAT» – 3 рейс, «Qazaq Air» – 2 рейс, «Fly Arystan» – 3 рейс) орындалатын.