Карантин аяқталмай, қоғамдық көліктер жүрмейді – әкімдік

Карантин аяқталмай, қоғамдық көліктер жүрмейді – әкімдік

Карантин аяқталмай, қоғамдық көліктер жүрмейді – әкімдік
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин аяқталмай, қоғамдық көліктер жүрмейтінін мәлімдеді.  «Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі сейілмегендіктен, адамдар көп жиналатын орындар, яғни сауда және ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар (тек онлайн тапсырыс) жабық болады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жұмысы карантин аяқталғанша қайта іске қосылмайды», – деді Б.Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде. Қоғамдық көліктер адам көп жиналатын жер болғандықтан, бұл жағдай инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. «Қоғамдық көлікті іске қосуды 11 мамырдан кейін қарастырамыз, яғни Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімінен кейін», – деді әкім орынбасары.