Қытайды басып озды: Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 87 мыңнан асты

Ресейде соңғы тәулікте 6 198 адамнан коронавирус анықталды. Елдегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 87 147-ге жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, індет жұқтырғандар саны жөнінен Ресей Қытайды басып озды. Қытайда қатерлі кеселге шалдығудың 84,5 мың дерегі тіркелген.

«Ресейдің 85 өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты 87 147 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте 579 адам ауруханадан шығарылды, осы уақытқа дейін 7 346 адам жазылды. Кеше коронавирустан 50 адам қайтыс болды. Жалпы алғанда, Ресейде жаңа вирустан 794 адам көз жұмды», – делінген штабтың хабарламасында.

Штабтың мәліметінше, инфекция жұқтырған адамдардың 43,3 пайызында (2 693 адам) аурудың еш белгісі болмаған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2791-ге жетті. 682 адам емделіп шықты. Науқастардың 25-і көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button