Наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы дәрігерлеріне 1,9 млрд теңге үстемақы төленді

Наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы дәрігерлеріне 1,9 млрд теңге үстемақы төленді

Наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы дәрігерлеріне 1,9 млрд теңге үстемақы төленді
ашық дереккөзі
Наурыз айында  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының медициналық қызметкерлеріне  1,9 млрд теңге көлемінде үстемақы төленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.  «Коронавирус бойынша қызметтерді өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бөлген қаражаттан денсаулық сақтау басқармалары наурыз айында 17 425 медициналық қызметкерге 3 млрд 371,2 млн теңге төледі. Бұл соманың барлығы дерлік төленді», - деді Айбатыр Жұмағұлов. Медицина қызметкерлерінің көпшілігі - шамамен 9 мың маман үшінші топта үстемеақы алған. Оған 846 млн теңге жұмсалыпты. «Ең көп сома екінші санат бойынша төленді - 7 мыңнан астам маманға 1,8 млрд теңге жұмсалды. Ал қаупі жоғары топта жұмыс істеп жүрген 1,4 мың маманға 717 млн теңге төленді. Сонымен бірге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері - емхананың 2,5 қызметкері - 185 млн теңге, 4 мыңға жуық жедел жәрдем бригадалары - 1,2 млрд теңге көтермеақы алды», - деді А.Жұмағұлов. Спикердің айтуынша, инфекция жұқтырған науқастар санының артуына байланысты сәуір айында бөлінетін қаражат көлемі өзгереді. Үстемеақы алатын медицина мамандарының саны екі есе көбеюі мүмкін.