Алматыда Қытай азаматының қомақты қаржысын қалтаға басқан инспектор ұсталды

Алматыда ҚХР азаматының 10 мың доллар ақшасын заңсыз иемденген арнайы жедел әрекет ету жасағының 4 инспекторы анықталды.

Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) аға инспекторының қылмысын әшкереледі.

Белгілі болғандай, күдікті инспектор Полиция департаментінің лауазымды қызметкерлеріне пара бергізуге ҚХР азаматын итермелеген. Ол қылмыстық қудалау тоқтатылады деген желеумен қытайлық азаматтың 10 мың АҚШ доллары сомасындағы қаржысын алдап иемденіп алған.

 

Back to top button