Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыровтың жағдайы белгілі болды

Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыровтың жағдайы белгілі болды

Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыровтың жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
241
Коронавирус инфекциясын жұқтырған бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровта ауру жеңіл формада өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Камалжан Талғатұлы Үкімет шешімімен вице-министр лауазымынан босатылды және Алматы қаласының басқарма басшысы қызметіне кірісуі керек еді. Өкінішке қарай, кешке оның денсаулығы сыр беріп, коронавируске анализ тапсырды. Анализ оң нәтиже көрсетіп, К. Надыров Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық станционарына жатқызылды. Қазір жағдайы жаман емес, ауру жеңіл формада өтуде. Екі аптада емделіп шығып, жаңа қызметіне кіріседі деп үміттенеміз», - деді Диас Ахметшәріп. Оның айтуынша, К. Надыровпен жақын және ықтимал байланыста болғандар анықталып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру басталды. «Соңғы күндері Камалжан Надыров министрдің тапсырмасымен Алматы облысында болды. Алматы қаласында емханадан ауру ошағы шығып, дәрігерлердің арасында түсініспеушілік туғанда да К. Надыров барған еді. Әрине, қорғаныс киімін киіп, барлық талаптарды сақтады. Дегенмен, аурудың кімнен, қай жерден жұққанын анықтауымыз қажет. Ол кісі қазір қай күні қайда болғанын, кіммен кездескенін тізбектеп жазып отыр. Байланыста болған барлық адамдарға ПТР арқылы диагностика жасалады», - деді ресми өкіл. Айта кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыров коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жатқызылды.  

Серіктес жаңалықтары