Әлеуметтік желіде полицейлерге тіл тигізген алматылық жазаланды (видео)

Әлеуметтік желіде полицейлерге тіл тигізген алматылық жазаланды (видео)

Әлеуметтік желіде полицейлерге тіл тигізген алматылық жазаланды (видео)
ашық дереккөзі
267
Алматыда полиция қызметкерлерін ашық түрде қорлаған адам жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында А. есімді ер адамның полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. “Атап айтқанда, А.азамат өзінің инстаграмдағы парақшасында өз монологымен бірнеше рет қорлауды қолданған видео жариялады. Ол сөзінен ұялмастан, камерада бірнеше рет жағымсыз сөздер қолданған. Жазаның еріксіздігі принципін ұстана отырып, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы – билік өкілін қорлауға сәйкес жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін А.азамат қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов. Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрауға асықты. “Өз іс-әрекетіммен мен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен ҚР-ның белгіленген заңнамасындағыдай заңның алдында толық көлемінде жауап беруге дайынмын. Кешіріңіз, өтінемін”, – деді А. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=Q_7r-p8uA4o&feature=emb_logo

Серіктес жаңалықтары