«Бақытты отбасы»: халықтың өтініш-тілектері басты назарда

Ақмола облысы, Сандықтау ауданының тұрғыны, екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Елена Смолина Nur Otan партиясы тарапынан көмек сұрап, ТЖ байланысты қашықтықтан оқыту мәселесіне орай, балаларының компьютерінің жоқтығы қиындық туғызып отырғандығын жеткізген.

Әрине, техникалық құралдар болмаса, балалардың оқу процесіне толықтай қатысуын ұйымдастыру мүмкін емес. Осыны ескерген партия Ақмола облысы, Сандықтау орта мектебінің оқушылары атынан келіп түскен бұл өтінішке бей-жай қарамады.

Нәтижесінде Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылы,  Орталық 32 үй тұрғыны Елена Смолина Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» акциясы аясында көрсетілген қамқорлық шара ретінде жергілікті партия филиалы мүшелерінің табыстауымен дербес компьютерге қол жеткізді.

Елена Смолина партияның төтенше жағдай кезінде көрсеткен мұндай қолдауына шынайы алғысын білдірді.

Әсел Жақсыбай

Back to top button