Алматы қаласынан 141 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы қаласынан 141 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы қаласынан 141 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ашық дереккөзі
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 сәуірде Алматы уақыты бойынша 17 сағат 24 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 141 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 20 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.