Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дүниеге дені сау бала әкелді. 

Жүктіліктің 39-аптасындағы әйел науқаспен байланыста болған адам ретінде Орталық клиникалық қалалық ауруханаға 13 сәуірде жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдау нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны расталды. 15 сәуірде дәрігерлер кесарь тірлігімен әйелді босандырған. Дүниеге салмағы 3,5 келі ұл бала келді. Бұл әйелдің екінші баласы екен.

«Баладан шұғыл түрде анализ алынды. Нәтижесінде вирус жұқтырмағаны анықталды. Қазір нәресте балалар бөлімінде жатыр», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Баланың анасының жағдайы жақсы. Жақында инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Дәрігерлер анасы жазылғаннан кейін ғана баласын бермек.

 

Back to top button