Қазақстанда 285 адам коронавирустан айықты

Қазақстанда тағы 8 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. 

Қызылорда облысында – 7, Түркістан облысында – 1 адам дертінен айықты. Елімізде коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 285 адамға жетті. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда қауіпті вирус 1470 адамнан анықталды. Науқастардың 17-сі көз жұмды.

 

Back to top button