Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1402 адам болды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам анықталды, жалпы елімізде 1402 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

16 сәуірдің 23:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, індетті жұқтырған тағы 40 адам тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 19, Шымкент қаласында – 2, Түркістан облысында – 4, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 326 адам, Алматы қаласында – 417 адам, Қарағанды облысында – 84 адам, Ақмола облысында – 81 адам, Атырау облысында – 71 адам, Жамбыл облысында – 53 адам, Шымкент қаласында – 45 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 29 адам, Ақтөбе облысында – 14 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 29 адам, Павлодар облысында – 13 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 134 адам, Батыс Қазақстан облысында – 26 адам, Түркістан облысында – 53 адам, Қостанай облысында – 7 адам, жалпы 1402 науқас тіркелді.

Back to top button