Әсет Қанапиянов: Мемлекет қолдамаса, біздің кәсібіміз де алға баспас еді

Әсет Қанапиянов: Мемлекет қолдамаса, біздің кәсібіміз де алға баспас еді

Әсет Қанапиянов: Мемлекет қолдамаса, біздің кәсібіміз де алға баспас еді
ашық дереккөзі
475
Қазіргі күрделі жағдайда қоғамның қай саласына бол­ма­сын, оңай болып тұрған жоқ. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласындағы науқан­дық маңыз­ды жұмыстарды тоқтатуға тіптен болмайды. Төтенше жағдай кезінде мемлекетіміз ауыл шаруашы­лы­ғын­дағы кәсіпкерлерге  айрықша назар аударып отыр.  Мемлекет бас­шысы бұл салаға 70 миллиард теңге бөлінетіні жайлы жа­қында ғана атап өткені ел есінде. Біз көктемгі қауырт жұмыс ке­зіндегі жағдайды біл­мек мақсатта Ақмола облысы, Ерей­ментау ауданында мал шаруа­шылығымен айналысатын кәсіп­кер Әсет Қанапияновқа ха­бар­ласып, жағдайларын білген едік.  – Әсет мырза, ежелден «мал-жан аман ба?» деп аман­­­­­дық-саулық сұра­са­тын халықпыз. Шаруа­ла­рыңыз қалай, қыстан қы­сыл­­май  шықтыңыздар ма? – Рақмет, мал-жан аман. Шаруа­­­­­мызға келсек, дәл қазір мал жайылымға шықты, ауа райы да қуантып тұр. Биылғы қыс аса бір жайлылығымен есте қа­­латын болды. Аздап боранды күн­­дері болғанымен, мал-жан­ның берекесін қашырған жоқ. Қар көп болды. Жылқы малына біраз қиындау болғанымен, жем-шөп­ті артығымен даярла­ған­дық­тан, ол қиындықтардың да ал­дын алдық.  Қардың көп­тігі­не де қуандық. Себебі жердің құ­нарлылығы артса, мал да бұл жыл­­дан күйлі болатынын біле­міз. Бастысы, мал шы­ғы­ны­сыз қыс­тан аман-есен шыққанымыз­ға қуаныштымыз. Мал жақсы тө­л­деді, әлі де төлдеп, басы кө­­­бейіп жатыр. – Жеке шаруа қожалық болып өз ісіңізді қашан бас­­тадыңыз? Біраз өткен­ге оралайықшы, мемлекет та­рапынан ауыл шаруа­шы­­лығына беріліп жат­қан мүмкіндіктерді пайда­лан­дыңыз ба, жоқ әлде кәсібіңіз өз қара­жа­тыңыз­бен аяғынан тұрды ма? – 1996 жылы біздің Қойтас кең­шарымыз бөлініп таратылды. Сол кезден бері міне, 24-тен 25 жыл­­ға аяқ басыппыз. Мал шаруа­шылығы мен ауыл шаруашылы­ғы­ның барлық қыр-сырына қа­нып келемін. Әуелде әкеміз екеу­міз 545 гектар жер алып, қолда­ғы бар малдың санын көбейтіп алуға жанымызды салдық, 100 гек­тардай жерге егін ектік. Бәрі бір­ден жақсы бола қойды десем өті­рік болар, бастапқы онжыл­дық­та әжептәуір қиналдық. Со­дан мен 2006 жылы мемлекеттен 1 млн 920 мың теңге несие ал­дым. Оған 30 бас ірі қарадан тайын­ша сатып алып, содан ақы­рындап мал басын өсірдім. 2011 жылы «Аграрлық несие кор­порациясынан» 15 млн теңге не­сие алдым. Ол қаражатты бір­ден бір жарым жасар 80 бас сиыр сатып алуға жұмсадым. Кейін 2016 жылдан бастап тағы да мемлекет қолдауына ие бо­лып, 125 млн теңге мөлшерінде несиеге қол жеткіздім. Оған шаруа­ға қажетті техникадан 4 МТЗ 80 тракторын, шөп буғыш, шөп шапқыш техникаларды, жүк тасушы КаМАЗ, жүк артқыш тех­ника түрлерін алдым.  Себебі қыруар малдың жем-шөбін өзге­ден сатып алмай, өзім табуды ұй­ғар­дым. Дәл сол уақытта 270 ұрық­тандырушы  қара мал да са­тып алдым. Соның нәтижесін­де мен бүгінгі таңда сауынды ақ бас сиырдың санын 575-ке, қа­ра­пайым аналық сиыр басын 180-ге, барлығын қосқанда ірі қа­раның басын 800-ден арт­ты­рып отырған жайым бар. Жылқы санын 550-ге жеткіздім. 1 000 бас қойым болған еді, оны сатып жі­бердім, қазір қой ұстамаймын. Сіздің нақты сұрағыңызға нақты жауабым осы болсын. Себебі шаруа­­­­шылықпен айналысқан ел азаматтарын мемлекет қол­дама­са, біздің кәсібіміз де алға баспас еді. Несиені мезгілінен қалдыр­май төлеп келемін. Үкіметтен жы­лына 15 млн  теңгеге жуық суб­сидия аламын. Әрбір аталық  сиыр­ға 20 мың теңгеден Үкімет жы­лына ақша бөледі. Ал жер­гі­лік­ті сиырларға 10 мың теңгеден 2 миллионға жуық қаражат тағы беріледі. Одан қалды әр техника басы есептелінеді. Соның бәріне шаққанда мөлшерлік пайызы қалта көтеретіндей субсидияның бе­ріліп жатқанына дән ризамыз. Қа­зір 12,5 мың гектар жайы­лым­дық  және  400 гектардай ша­бын­дық жерім бар. Мал басы шү­кір, өсіп келеді, Үкіметке еш өк­пеміз жоқ. «Мал – баққанға біте­ді» дейді ғой, ерінбеу керек. Қол­дау барда, қолға жұмыс та бар. – Дәл қазіргі елдегі жағ­даймен таныссыз, ден­сау­лықтың бар байлықтың алды екенін енді аңғарып жат­қандай кейіптеміз. Жер бетіндегі бар халық­тың әлеуметтік хал-ахуа­лын әлсіретуге себеп бо­лып отырған бұл күндер сіз­дерге қалай әсер етіп жа­тыр? Қанша адамды жұ­мыс­пен қамтып отырсыз, жұ­мыскерлер санын қыс­қар­ту ойыңызда бар ма? – Менің шаруа қожалығымда 12 адам жұмыс істейді. Оның үшеуі жылқышы, алтауы қара мал­да, 3 тракторшы қыстыгүні қыз­метін атқарады. Өзіммен 13 адам. Жұмыскерлер саны артық емес, сондықтан қысқарту бол­май­­ды. Биыл жылдағыдай Үкі­мет­­ке жаңа төлден 150 бас  ірі қа­раны сатуды жоспарлап отыр­мын. Бүгінге дейін жылда осылай Үкі­метке ет өніміне малды өт­кі­зіп келдік, сол жұмысымызды та­ғы да жалғастырмақпыз. Мал ба­сын  азайту да ойда жоқ, ке­рі­сін­ше, аналық малды арт­тыруды жос­парлап отырмын. Бір толған­дыратын мәселе – біздің енді жыл­да төлеп жатқан несиеміз бар ғой, соған сәйкес күзгі уа­қыт­та мал тапсыруымыз керек. «Сол жағы биыл қалай болады екен, етке өткізе аламыз ба, жоқ па?» деп ойланып отыр едік, бі­рақ Президенттің осы «ауыл шаруашылығын айрықша қол­дау қажет» деген мәлімдемесі біраз қуантып тастады. Себебі «енді сырттан ештеңе келмесе, жер­гілікті халық ауыл шаруашы­лығы өнімдерін тұтынуда сұра­нысты көбейте ме?» деген  үміті­міздің бары рас. Қазір тек елдің амандығына алаңдап, індеттің беті қайтып, карантин тезірек аяқ­талып, жолдардың ашылуын ғана күтіп, тілеп отырған жайы­мыз бар. Әйтпесе, ауылымызда мал азығы да, жан азығы да жет­кі­лікті. Жұмысшыларымның жа­­­лақысын төлеп жатырмын, оған жағдайымыз бар. Қысты­гү­ні әр жұмыскеріме шаруа қож­а­лы­ғы атынан жылда бір-бір жыл­­қыдан  тегін соғым үлестіре­мін. Жол ашылса, арнайы келі­сім­шарт жасасып қойған тағы бірді-екілі трактор техника­ла­ры­мызды Павлодардан жеткізіп алсақ деп отырмыз. Бастысы, ін­дет енді өршімесе екен, басы­мыз аман болса, мал да болар, тір­шілік те оңалар елде.  

Сұхбаттасқан

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Серіктес жаңалықтары