20 сәуірден бастап жұмысын бастайтын қызмет түрлерінің тізімі бекітілді

Сондай-ақ!

Қазақстандықтарға интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі бар

Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы адамдарды арбап, интернеттегі жеке деректерін ұрлайды. Оның соңы кейде түрлі қиындықтарға ұшыратуы...

Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді

1991 жылдың соңы. КОКП-ның күйреуі және Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы. Ол кезде енді ғана тәуелсіздік алған ел үшін барлығы алғаш рет болды:...

ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты. Онда өңір бойынша карантиндік шектеулер 17...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Амандық...

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бизнес субъектілері қызметінің жекелеген түрлерін қайта бастау мәселесі туралы Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, сондай-ақ әкімдер А.Көлгінов пен Б.Сағынтаев баяндады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Нұр-Сұлтан қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
  • екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50 пайызын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
  • нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
  • тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісті шараларды қабылдап, жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің сақталуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізу, карантин кезінде көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуды өткізу, карантин енгізілген қалалардың тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді азайту, азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды ұсынуды ақшаландыру және т. б. мәселелерді қарастырды.

Премьер-Министр тиісті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаумен фермерлердің егіс жұмыстарымен бөгетсіз айналысуын қамтамасыз етуді, карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізудің бірыңғай тәртібін енгізуді және жүктердің негізсіз бөгелуін болдырмауды тапсырды.

Мемлекеттік комиссия Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген төтенше жағдай кезеңінде Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесінің жобасын қарады. «Ұсынылған тетік тұрғындар үшін де, коммуналдық кәсіпорындар үшін де олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдаудың пәрменді шарасына айналуы тиіс», – деді Үкімет басшысы.

Жеделдікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік комиссия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізген азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды жеке тұлғалардың шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы беру туралы ұсынысты мақұлдады.

«Өңірлердің әкімдіктері ұсынылған тетікке сәйкес көмекті алушыларға ақшалай қаражаттың уақытылы аударылуын қамтамасыз етуі керек. Карта шоттары болмаған жағдайда немесе көмек алушылардың жасына не мүгедектігіне байланысты келуге мүмкіндігі болмаса, санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік жиынтығын үйге жеткізуді қамтамасыз ету қажет», – деді А.Мамин.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
вакцина

Коронавирусқа қарсы Қазақстан вакцинасы наурызда шығарыла бастайды

Коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың наурыз айында шығарыла бастайды. Бұл туралы Орталық...

Қазақстандықтарға интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі бар

Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы...

Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді

1991 жылдың соңы. КОКП-ның күйреуі және Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы....

ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...