Тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды

Тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды

Тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды
ашық дереккөзі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин мерзімінде тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайтынын мәлімдеді. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында, карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», – деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Рамазан айы 24 сәуір күні басталатынын айтты.