Төтенше жағдай: ШҚО-да қосымша шектеулер енгізілмек

Шығыс Қазақстан облысындағы аудан орталықтарында және Риддер мен Курчатов қалаларында қосымша шектеулер енгізіледі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қосымша шектеулер 15 сәуір, сағат 00:00-ден басталады. Оның созылу уақыты коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Өңірдегі барлық аудан орталықтары мен Риддер, Курчатов қалаларында бақылау-өткізу пункті қойылмақ.

Күндізгі уақытта көлік қозғалысы шектелсе, түнде (21:00-ден 05:00-ге дейін) жүруге тыйым салынады (қызметтік және қоғамдық көліктерді, арнайы рұқсаты бар жеке көліктерді қоспағанда). Жеке көліктерден күнтізбенің жұп күндері, нөмірі нөлді қосқанда тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүре алады.

«Сонымен қатар демалыс, мереке күндері тек қана қызметтік және қоғамдық көліктерге жолға шығуға рұқсат берілген. Тұрғындар 09.00-ден 18.00-ге дейін рұқсаттама арқылы (дүкенге, дәріханаға, банкке, поштаға бару үшін) далаға шыға алады. Рұқсаттама тек жеке куәлікпен бірге жарамды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Back to top button