Павлодардағы кәсіпкер қандастар онлайн жиын өткізді

Сондай-ақ!

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады. Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы қаласы - 74 Шымкент қаласы - 4 Ақмола облысы - 76 Ақтөбе облысы - 5 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы», «Отандастар қоры» және  Павлодар облыстық фронт-офисінің ұйымдастыруымен Павлодар облысына көшіп келіп, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қандас кәсіпкерлермен онлайн жиын өтті.

Кездесуге «Отандастар қорының» Бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті басшысының орынбасары Анас Баққожаев, Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы, Департамент маманы Талант Мағжаев, Павлодар облыстық фронт-офисінің сарапшысы Сабит Жанатұлы және облыстағы қандас кәсіпкерлерден 11 адам қатысты. Кәсіпкерлер жиһаз жасау, қоғамдық тамақтандыру, көлік жөндеу, тігін, мал шаруашылығы және тағы басқа салада өз ісін табысты дөңгелетіп отыр.

«Моңғолиядан көшіп келгеніме 2,5 жыл болды. Қазақы ою-өрнекпен әшекейленген сөмке, әмиян және басқа да ұлттық бұйымдар жасаймын. Мемлекеттен кәсіпкерлікті қолдауға арналған 6 пайыздық жеңілдетілген грант аясында 3 миллион теңге қаржы алдым. Ол үшін 6 миллион теңгеге кепілдік қойдым. Бізге өте ауыр болды. Алайда бұйымдарымды жасай бастадым. Әзірше қасымда көмекшім бар, барлығын екеуіміз істейміз» – деді кездесу барысында сөз алған Шарбақты ауданында тұратын кәсіпкер Гүлнар Өнерхан.

Онлайн кездесуге қатысқан Аққулы ауданы тұрғыны Бейбит Гадысұлы: «Мен аяқ киім жасаумен айналысамын. Ата кәсіппен айналысқаныма 15 жыл болды. Өнімдерім сапалы, сұранысқа ие. Аяқ киім жасау үшін шикізатты Ресейден аламын, ол өте қымбатқа түсіп тұр. Аяқ киім жасайтын шикізатты, яғни қырымды еліміздегі кәсіпорындардан алсақ арзанырақ бола ма деген ойым бар. Бірақ біздің елімізде қырым өндіретін кәсіпорындар жоқ болғандықтан амалсыз шетелден алуымызға тура келіп тұр», – дейді.

Май ауданының тұрғыны кәсіпкер Жанат Санат: «Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенмін. Жиһаз жасаумен айналысамын. Кепілдік қойып, мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде грант алдым. Қазір кәсібімді жүргізіп отырмын. Біз жиһаз жасайтын материалдарды шеттен аламыз. Қазіргі туындаған жағдайға байланысты материалдың жоқтығынан жұмысым тоқтап тұр» – дейді.

Павлодар қаласының тұрғыны Шайзада Аллаберген: «Моңғолиядан көшіп келгенмін. Үйімнің жанында шағын техникалық қызмет көрсету станциям бар. Адамдардың көліктерін оңдаймын. Енді шағын техникалық қызмет көрсету станциямды кеңейтіп, 10 адамға  жұмыс орын ашып, қала орталығынан ашсам деген ойым бар, соған қолдау көрсетсеңіздер», – деген ойын айтты.

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың Павлодар облыстық фронт-офисінің сарапшысы Сабит Жанатұлы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Отандастар қоры» КЕАҚ  құрылғанын, қордың мемлекеттік мекемелер мен құзырлы органдар, бизнес структурасымен тығыз байланыс орнатқанын айтты.

«Отандастар қоры» елге көшіп келген қандастарымызды жан-жақты қолдау мақсатында облыстарда қоғамдық қабылдау кеңселерін ашқанын баяндай келе, Павлодар облыстық фронт-офис жұмысымен таныстырды. «Отандастар қорының» бірыңғай байланыс орталығы бар екенін, 1404 тегін байланыс номерінің жұмыс істеп тұрғанын баяндады.

Кездесу барысында Анас Баққожаев «Отандастар қоры» «Отандастар қоры»  КЕАҚ жанын құрылған Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің жұмысымен толық таныстырды.

«Шетелден көшіп келген қандастарымызды қолдау сапалы ақпарат пен кеңес беруден басталады. Биыл мемлекет тапсырысы бойынша 20 мың сұрақ-жауапты қамтитын үлкен мәлімет базасын құрып, байланыс орталығын ашылды. Осы орайда телефон, әлеуметтік желі, кейбір жағдайда видео арқылы да хабарласып, туындаған сауалдардың барлығына жауап алуға мүмкіндік бар. Бизнесті қолдауға арналған қазақстандық бағдарламаларға қатысуға көмектесе аламыз. Қазақстанда бизнесті дамыту мен қолдау бойынша ерекше жағдай жасалуда. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының субсидия мен кепілдендірілген займдары,  Еңбекпен қамту бағдарламасы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау көрсететін бағадарламалар бар. Барлығына қандастарымыз қатыса алады. Сонымен қатар «Атамекен» іскерлік үйінің орталық офисінде жұмыс істейтін қызметкерлер мемлекеттік қолдау шараларын қосуды қарастырады. «Отандастар қорының» Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің жиында айтылған ой-пікірлердің ескеріледі, кез келген сұрақтармен мамандарға жүгінуге болады», – деді Анас Баққожаев.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...