Алматыда лифт батырмасына түкіріп кеткен бұзақы ұсталды (видео)

Алматыда лифт батырмасына түкіріп кеткен бұзақы ұсталды (видео)

Алматыда лифт батырмасына түкіріп кеткен бұзақы ұсталды (видео)
ашық дереккөзі
Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның лифт батырмаларына түкіріп жатқан видеосы тарап кетті. Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы бұзақыны тапты деп хабарлайды  Polisia.kz.  "Оның жеке басы бірден анықталды. Полицияға жеткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков. Қатесін кейін түсінген азамат өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады. “Ашулы күйде жеделсаты батырмаларына қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А. есімді тұрғын.  https://www.youtube.com/watch?time_continue=11&v=vW4sMjjlT1Y&feature=emb_logo