Әлеуметтік төлем: 750 мың астам адамға 42 500 төленді

Әлеуметтік төлем: 750 мың астам адамға 42 500 төленді

Әлеуметтік төлем: 750 мың астам адамға 42 500 төленді
ашық дереккөзі
750 мыңнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлем тағайындалды, – деп жазды ҚазАқпарат. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 751 613 адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. 11 сәуір сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 млн 900 мың 65 азаматтан барлығы 4 млн 354 мың 274 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 454 мың 209 қайталанған өтінім тіркелді. Өтінішті қарау мерзімінің ұлғаюына жол бермеу үшін азаматтардан бір рет қана өтініш беруі сұралды. Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға: – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – жеке кәсіпкерлерге; – жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға; – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.