Нұр-сұлтандағы қонақ үйлер медицина қызметкерлеріне тегін бөлме береді

Сондай-ақ!

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен, 4 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -23) қала мектептерінің...

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты хабарлады. Порталдың мәліметінше, "жасыл аймаққа" Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған сайлауда 85 пайыз дауыс жинаған...

KASE: доллар бағамы төмендеп жатыр

Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды KASE қор биржасы. Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 2,42 теңгеге арзандап, 420,59 теңге...

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев COVID-19 қатерінің таралуына жол бермеу үшін барша қазақстандықтарды бірігуге шақырды.

Осы қауіп-қатермен күресу мақсатында Елбасы отандық бизнес өкілдерін мемлекеттің күш-жігерін қолдауға және қаржылық көмек көрсетуге өтініш білдірді. Нәтижесінде еліміздің көптеген компаниялары мен кәсіпкерлері ақша салымдарын жасай отырып, осынау үндеуді қолдады. Оның ішінде үлкен сома Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына жіберілді, қордың қызметі эпидемия жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған.

Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері қазақстандықтардың өмірі үшін күресіп, олардың тез арада сауығуына қамқорлық жасауда.

Медицина қызметкерлері өз отбасылары мен үйлерін көрмей қауіп-қатер аймағында тұрып жатыр. Осы орайда елордалық «Думан» және «Дипломат» қонақ үйлері медициналық қызметкерлерді қолдау үшін өз қонақ үйлерінің 300 бөлмесін ұсынып, оларды тамақтандыру ұйғарып отыр.

«Думан»  қонақ үй кешенінің басқарушы директоры Әлия Дүйсекеева: «Біздің қонақ үй өткен аптадан бастап дәрігерлерге өз есігін ашты. Біз персоналымыздың қалай қабылдайтынын уайымдаған болатынбыз, алайда адамдар бүкіл әлемде қалыптасқан осы жағдайға көмектесуге өте қуанышты болды. Адам өмірін қатерлі індеттен арашалауға жанын салып жатқан ақ халатты абзал жандарды өз қонақ үйімізде қабылдауға қуаныштымыз!» – дейді.

Қаланың орталығында орналасқан бұл қонақ үйлер медициналық қызметкерлерге ауысым арасында шағын демалысқа және жұмысқа тез арада жетуге мүмкіндік береді.

«Дипломат» отелі» әрқашанда Сіздерді қабылдауға дайын. Дәрігерлерді жатын бөлмелерге орналастырып, оларды тамақтандырудамыз. Олар мұнда өз үйіндегідей жайлы өмір сүруі үшін барлығын жасаймыз. Біз осы қиын кезеңді бірге және бірігіп қана жеңеміз» – деді «Дипломат» қонақ үй кешенінің бас директоры Абай Бексейітов.

Еліміз үшін күрделі кезеңді, қазіргі таңдағы қиындықтарды еңсеруге жұмыла атқарған игі істер мен күш-жігер көмектеседі. Бұл аксиоманың дұрыстығын тарихта болған уақиғалар көрсетіп отыр.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды....

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен,...
жасыл аймақ

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық...

KASE: доллар бағамы төмендеп жатыр

Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды KASE қор биржасы. Таңғы сессияның...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...