Шалғай ауылдардағы оқушылар пошта арқылы сабақ оқиды – министр

Еліміздің шалғай елді мекендеріндегі интернет қолдану мүмкіндігі жоқ оқушыларға білім беру үшін пошта қызметі пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

«Оқушыларды қашықтан оқытуың бір тетігі – радио. «Қазақ радиосы» арқылы бұл механизмді қосымша құрал ретінде іске асырамыз. Аудио сабақтарды «Қазақ радиосына» беріп жатырмыз. Осы радионы теледидары жоқ оқушылар қосымша құрал ретінде қолдана алады. Радио арқылы сабақ оқитындай мүмкіндік жасап отырмыз», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министр оқушыларды қашықтан оқытуға пошта қызметін пайдалану да көзделіп отырғанын жеткізді.

«Қазпошта» АҚ-мен келісімге қол қойдық. Еліміз бойынша мектебі жоқ елді мекендер бар. Ондай елді мекендер саны – 1 200-ге жуық. Ондай жерлерде ары кетсе 5-7 оқушы бар. Ол балалар басқа елді мекендерге бару арқылы сабақ оқитын. Осы балаларды сабақ оқытумен қамту пошта арқылы жүзеге асады. Интернет арқылы оқитын балалар да кері байланыс орнату үшін пошта қызметін қолдануға мүмкіндіктері бар», – дейді ол.

 

Back to top button