Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, – деп жазды coronavirus2020.kz. Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр. Қайтыс болған науқасты жедел-жәрдем қызметкерлері 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға жатқызған, жасы – 50-де. Бір ай көлемінде ауырып жүрген, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмыс бабымен жиі іс-сапарларға шығып отырған. Марқұммен байланыста болған туған-туыстары мен әріптестері, барлығы – 31 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 55 адам үй карантиніне оқшауланды. Марқұмның отбасындағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.