27 Наурыз, 10:12 340 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Президент коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан көз жұмған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты. 

"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ол елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салып өтті.

"Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", - деді президент.

Еске сала кетейік, кеше төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын. 

Комиссия шешімі бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантиндік режим күшейтілді. Шымкент қаласында бірқатар шектеулер енгізілді. 

 

Соңғы жаңалықтар