26 Наурыз 2020, 11:02 1554 0 Ішкі саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Төтенше жағдай: 65 жастан асқан депутаттар Мәжіліс отырысына қатыспайды

Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жасы 65-тен асқан депутаттар қатысқан жоқ. Бұл туралы Палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. 

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», - деді Нұрлан Нығматулин.

 

Соңғы жаңалықтар