483
«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы
«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы

Нұротандықтар «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда.
Ең алдымен қажет азық-түлік пен гигиеналық тауарлар ғана емес, ауылшаруашылық өнімдері де жеткізіліп берілуде.
Қарағанды облысы бойынша фермерлер Одағының төрағасы Игорь Жабяк 2000 келі картоп, «Волынка» шаруа қожалығының басшысы Данияр Сәкенов азық-түлік жиынтықтарын, ал кәсіпкер Айдын Албақай 5000 келі сиыр етін бөлді.
Сиыр еті көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты қарт адамдарға таратылды. Осылайша мың отбасы қамтылды.
«Мен өзім көпбалалы ана болғандықтан, көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ең бастысы, осындай уақытта туған-туысқандарды ғана емес, бір-бірімізді де сақтауымыз керек», – деп атап өтті Меруеш есімді көпбалалы ана.


