27 Ақпан, 09:52 230 0 Нұр Отан Әсел ӘНУАРБЕК

Былтыр 3,5 мың шақырым жол жөнделді

Мәжілісте Nur Otan пар­тия­сының фракциясы жанындағы Бюджет қаражаттарының мақ­сатты және тиімді жұмсалуы мен түпкілікті нәтижеге қол жет­кізуді бақылауды қам­та­ма­сыз ету комиссиясының отырысы өтті.

Жиында жергілікті маңыздағы ав­то­көлік жолдарын ұстап тұруға және да­мы­туға бөлінген бюджет қаражаттарын жұм­саудың тиімділігі талқыға салынды.

Былтыр 3,5 мың шақырым жергілікті жол­ға күрделі және орташа жөндеу жүргізіліпті. Нәтижесінде, ауыл-аймақта жақсы және қанағаттанар-лық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі 71 пайызға жеткен екен. Қазіргі кезде 2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынды. Ол лайықты орындалса, 2026 жылға қарай осындай автожолдар үлесі 95 пайыз межесін бағын­дыруы тиіс.

Дегенмен Мәжіліс депутаттары бағдар­ламаның түпкі нәтижелеріне жетуге кедергі болатын кемшіліктерге назар аударды. Де­путат Глеб Щегельский мұндай проблемалар арасынан құрылысқа, реконструк­ция­лауға және жол жөндеуге берілген бюд­жет қаражатының тиімсіз пайдаланыл­уын, Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы жол телімін қайта қалпына келтіру үшін қара­жат бөлу ісінің созбалаңға салынуын атады.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан – Павлодар жо­лында жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Жалпы, жаңа жолдағы жұмыстар және онда пайдаланылатын материалдар сапасын бақылау нашар. Жаңа трассалар қардан аршылмай-тындықтан, қысқы маусымда көбіне жеңіл түгіл, жүк көліктері де оның игілігін көре алмайды.

Отырыс қорытындысында автожол са­ласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

Соңғы жаңалықтар