Коронавирус карантинін бұзғандар түрмеге қамалады

Коронавирус карантинін бұзғандар түрмеге қамалады

Коронавирус карантинін бұзғандар түрмеге қамалады
ашық дереккөзі
Сингапур Республикасының билігі Қытайдан оралған азаматтар үй карантинін сақтамаған жағдайда қолданылатын жазаны бекітті, – деп жазды ҚазАқпарат. Ұлттық даму министрі Лоуренс Вонгтің мәлімдемесінде жаңа ереже шыққанға дейін Қытайдан оралған саяхатшылар үй жағдайында 14 күндік карантин сақтауы тиіс болатын, онда үйінен белгілі біршама уақытқа шығуғарұқсат берілген еді. Заңға енгізілген түзетуге сәйкес, енді карантиндегі азаматтар қандай жағдай болса да оны бұза алмайды. Азық-түлік, тауар және басқа қажет болған дүниелерін алу үшін таныстарының көмегіне жүгінуі қажет. Карантиндік режімді бұзғандарды алты айға дейін қамауға алып, сонымен қатар 10 мың сингапур доллары ($7,2 мың.) көлемінде айыппұл салады. Ал ережеге бағынбаған Сингапурдағы шетел азаматтары жұмыстан шығарылады немесе депортацияланады. Түзетулер жергілікті уақытпен бүгін, 18 ақпанда 23:59-дан бастап күшіне енеді.