Ташкенттегі Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Ташкенттегі Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Ташкенттегі Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті
ашық дереккөзі
Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 67 келіде сынға түскен Сайхан Тайсуев алтын жүлдегер атанды. Ол қоссайыс бойынша 299 келіні (130+169) бағындырған.  Екінші орында Индонезия өкілі Мохамад Юсин (298 келі). Үздік үштікті 281 келіні еңсерген Ким Сунджин. Айта кетелік, бұған дейін Гүлнұр Ыбырай 64 келіде топ жарған болатын.