Египетте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Египетте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Египетте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
ашық дереккөзі
Қытай шекарасынан тыс аумақта коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді.  Египетте қауіпті дерттің нышандары бір қытайлық азаматтан анықталды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Бұл Мысыр елінде коронавирустың алғаш тіркелуі. Науқаспен байланысқа түскен барлық адам бақылауға алынып, карантинге жабылған. Айта кетейік, қазір әлемде, Қытайды есептемегенде, коронавирусты жұқтырғандардың саны 505-ке жеткен.