"Біз талқылайтын мәселе көп": Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстанға шақырды

"Біз талқылайтын мәселе көп": Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстанға шақырды

"Біз талқылайтын мәселе көп": Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстанға шақырды
ашық дереккөзі
Германияға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.  Тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Каспий арқылы көрші саналатын қос мемлекеттің байланысы бекем, бірақ екі елдің сауда-экономикалық байланысында кері көрсеткіштер бар. Мысалы, өткен жылдың 9 айында Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 169 млн доллар болған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 16,3% төмен. Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік әлеуеті зор. Қос мемлекет те Еуропа-Азия бағытындағы жүк тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің арасындағы байланыстың бастауын сөз ете келе, Ильхам Әлиевті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. "Сізді Мюнхенде көргеніме қуаныштымын. Біз бұған дейін Сочиде кездескен едік. Енді екі ел арасындағы байланысқа келер болсақ, шынымен үлкен істер атқарылды. Бәрін басынан бастауға тура келді, бірақ жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл серіктестіктің негізін Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Әлиев қалаған болатын. Мен кезінде сыртқы істер министрі ретінде оның куәсі болдым, қатыстым да. Қазақстан Әзербайжанмен бауырлас ел ретінде байланысты бағалайды. Біз Каспий арқылы көрші елдерміз. Ақтауда қол қойылған Каспийдің құқықтық статусы туралы Конвенция үлкен әріптестіктің бастауы болды деп сенеміз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізді біздің елге сапарлап келуге шақырамын. Біз талқылайтын әрі шешетін көп сұрақтар бар", - деді Мемлекет басшысы.