1 Ақпан, 10:36 276 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Семей әуежайына Абай есімі берілді

Семейдің халықаралық әуе­жайына ресми түрде қазақтың бас ақынының есімі берілді. Жергілікті әкімдік «Абай атын­дағы халықаралық әуежай» ЖШС деген атау құжат жүзінде ресми бекітілгенін растады.

2019 жылғы қарашада Үкімет жа­нындағы Республикалық ономастика комиссиясы Семей әуежайын Абай аты­мен қайта атау туралы шешім қабылдағаны мәлім. Бұл ұсыныс былтырғы күзде семейліктерден келіп түсіпті. Ол бастаманы алдымен облыстық оно­мас­тикалық комиссия және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депу­таттары мақұлдады.

Бұл шара халықаралық, республи­ка­лық және өңірлік деңгейде кеңінен мерекеленетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында іске асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар