28 Қаңтар, 09:48 224 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Педофилдерге химиялық кастрация жасайтын арнайы дәрі жоқ

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Салдарынан былтыр Шымкент қалалық сотының шешімімен педофил деп танылған қасқөйлерге химиялық кастрация жасалмай отыр.

AstanaTV арнасының хабарында, Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандарды медицинамен қамтамасыз тобының бас маманы Рано Улходжаева арнайы антиандрогендік дәрінің уақтылы алынбағанын айтты.

«Денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылға аталған дәрілік зат сатып алынбауына байланысты химиялық кастрация әлі жүргізілген жоқ. Антиандрогендік дәрілік заттарды 2020 жылы сатып алғаннан соң емдеуді бастау жоспарлануда. Ал екінші сотталушыға химиялық кастрция жүргізуге денсаулығы жарайтын болса ем басталады, ал жарамайтын болса, сотталған мекеменің емдеу бөлімінде диспансерлік бақылауда болады», – дейді Рано Улходжаева.

Айта кетейік, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы былтыр кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету сипатындағы 14 қылмыстық іс қаралғанын айтты.

Оның екеуі сот шешімімен педофил деп танылған. 15 жылдан жаза арқалаған екеуі де – Шымкенттің жұмыссыз тұрғыны.

Тергеу анықтағанындай, біреуі 8 және 12 жасар қызды зорламақ болған. Екіншісі азаматтық некедегі әйелінің ұлына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.

Соңғы жаңалықтар