Мемлекеттік органдардың шешімін азаматтар жиі сынға алады – Тоқаев

Мемлекеттік органдардың шешімін азаматтар жиі сынға алады – Тоқаев

Мемлекеттік органдардың шешімін азаматтар жиі сынға алады – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Үкіметті әлеуметтік және экономикалық қатерлерге жол бермеу үшін өз бастамаларын мұқият әзірлеуге шақырды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың шешімдерін азаматтар тарапынан жиі сыналады, кей жағдайларда, тіпті, халықтың ашу-ызасын тудырады. Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген автокөліктерге қатысты проблема қоғам назарын аударды. – Елімізге әкелінген мұндай автокөліктердің көпшілігі тіркеуге қойылмайды. Ондай көліктер саны ондаған мың. Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға байланысты құқықтық баға беруді тапсырамын. Бұл мәселені шешу үшін Үкімет Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл автокөліктерді тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Бұл ретте азаматтар тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу автомобильдердің меншік құқығынан шығарылмай, басқа тұлғаның пайдалануына немесе басқаруына берілмей жүзеге асырылуы тиіс. Автокөлік иелері 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығын және автомобильді тұрақты тіркеуге қою немесе елімізден шығару, сондай-ақ, заңнама жүзінде тыйым салынбаған басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде салынатын утилизация алымын төлеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Үкіметке бұдан былай ел заңнамасын бұза отырып шетелден автокөліктердің әкелінуіне, пайдаланылуына шектеу қоюды тапсырды.