22 Қаңтар, 18:21 3982 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Трамп АҚШ-тың "қара тізіміне" тағы 7 елді кіргізбек

Азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің қатары арта түспек. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

«Қара тізімге» 7 ел, яғни Беларусь, Мьянма, Қырғызстан, Нигерия, Судан, Танзания және Эритрея кіруі мүмкін. Тізімнің әлі өзгертілуі ғажап емес. Соңғы әрі нақты нұсқасы 27 қаңтарда жария етілуі тиіс.

Айта кетекйік, 2017 жылы Дональд Трамп тағы 7 мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салған болатын. Олар: Иран, Ливан, Сомали, Сирия, Йемен, Ирак пен Судан. Бірақ артынша 3 ел бұл тізімнен алынып тасталған.

Соңғы жаңалықтар